21.01.2022, 17:30
Оқылды: 43

Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды

Талдықорғандық полицейлер жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17

Әкімдік ғимаратын қиратып, өртеп жатқан кезде 24 және 28 жастағы қала тұрғындары кеңсе техникасын, тұрмыстық заттарды қолды қылған. Күдіктілер тіпті қалам-қарындаш сынды ұсақ кеңсе тауарлары мен бума-бума әжетхана қағазын әкеткенін мойындады.

Қазір олардың кінәсі айғақзаттармен дәлелденіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынш сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мұның барлығы әкімдіктің заттары», - деді күдікті полиция ұсынған видеода.

Сондай-ақ Алматы облысындағы жедел операциялар барысында 133 адамға ұсталып, 188 қылмыстық іс қозғалды. 300-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолды болған 181 қару қайтарылды. Оның 110 данасы «Макаров» тапаншасы. Қару-жарақты өздері әкеліп өткізіп жатқандар да бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале