31.08.2022, 14:30
Оқылды: 53

Алматы облысында 2 жасар бала шұңқырға құлап қаза болды

Алматы облысы Талғар ауданында 2020 жылғы сәби септикке құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4

Қайғылы оқиға 28 тамыз кешкі уақытта болған. Баланың анасының айтуынша, бүлдіршін мысықтың соңынан қуамын деп беті темірмен жабылған септикке түсіп кеткен.

"Темір металл баланың салмағына шыдамай майысып, бүлдіршін құдыққа құлап кетті. Анасы баланы дереу шығарып алып, жедел жәрдем шақырған", - деп мәлімдеді Талғар аудандық полициясы.

Бала ауруханаға бара жатқан жолда ауа жетпегеннен көз жұмды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале