29.10.2024, 9:30
Оқылды: 114

Алматы облысының тұрғыны полицейді көлігімен сүйреген

Алматы облысында полиция қызметкерін көліктің есігінде сүйреген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

IMG_0203

Сурет: Polisia.kz

Байсейіт ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде облыстағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов, жол ережесін бұзған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатты. Рөлде Достық ауылының 34 жастағы тұрғыны болған.

Құжаттарды рәсімдеу сәтінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Полицейлерді елемей, көлікке қайта отырып, Қанат Темірбаевтың саусақтарын машинаның есігімен қысып қалса да, қозғала бастады. Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен. Ақыры офицер қолын босатып үлгерді, бірақ асфальтқа құлаған кезде жарақат алды.

Жүргізуші қашуға тырысқанымен, көп ұзамай қолға түсіп, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органының қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған қоса, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды.

Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале