Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бірінші жер сілкінісі 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілмеді.
Сондай-ақ, 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым.
Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.