5.02.2022, 16:10
Оқылды: 25

Алматыда 200-ден астам кәсіпкер келтірілген шығындар үшін өтемақы төлемдерін алды

Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген шығындарды өтеу үшін аймақтық комиссияның кезекті отырысында 337,4 млн теңге сомасына 204 өтінім мақұлданды.

220205115535953e

Оның ішінде 208,3 млн. теңге сомасына 111 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қоры арқылы қолдау тапты; 93 кәсіпкерге 129,1 млн теңге сомасында өтемақы бюджеттен төленетін болады. Айта кетейік, комиссия жұмысы басталғаннан бері барлығы 370,3 млн. теңге сомасына 221 өтінім мақұлданды.

Қазір комиссияның жұмысы жалғасуда. Кәсіпкерлердің өтінімдері ұсынылған құжаттардың толықтығына орай мұқият зерделенеді және комиссия мүшелерінің ашық дауыс берулері арқылы қаралады.

«Бұрындары аймақтық комиссия шығынды өтеу тетігіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жақсарту сипатында өз ұсынысын енгізген болатын. Осылайша, төлемдердің шекті сомасы 5 млн теңгеге дейінгі жеңілдетілген тетік бойынша залалды өтеу тетігі көзделген. Бұл зардап шеккен бизнес субъектілерін қамтуды едәуір кеңейтуге және өтемақы төлеуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет қаражатымен қатар қорлардың жеке қаржысынан төлемдер қарастырылған. Өтемақы төлеу тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда», - деп мәлім етті әкімдіктен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале