19.08.2022, 15:30
Оқылды: 26

Алматыда әкесі баласының бас сүйегін езіп, мұрнын сындырған

15 тамызда Алматыда әкесі кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соққан. Бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7

Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының депрессиялық сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.

Алатау аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы Алматы полиция департаментінің басшылығының бақылауына алынды.

Бұған дейін БАҚ әкесінің ұлын намаз оқымағаны үшін ұрып-соққаны туралы жазған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале