17.08.2022, 17:45
Оқылды: 26

Алматыда әрбір төртінші тұрғын банкрот деп танылуы мүмкін

Әрбір төртінші алматылық банкрот деп танылуы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бір миллионнан аса қала тұрғынында несие бар. Олардың ішінде 450 мыңнан аса азамат 90 күннен аса уақыт бойы несиесін төлемеген.

Осыдан тура бір жыл бұрын Алматы халқының саны ресми түрде екі миллион адамнан асты. Ал бұл қаржылық жағдайына байланысты қала тұрғындарының төрттен бір бөлігі банкроттық туралы арыз бере алады деген сөз.

"Қазіргі уақытта комитет "Азаматтардың төлем қабілеттілігін және банкроттықты қалпына келтіру туралы" заң жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кездесулер еліміздің несиелері, салық қарыздары мен коммуналдық төлемдерден қарыздары ең жоғары және көп шоғырланған өңірлерінде өткізіліп жатыр. Алматыда заң жобасын талқылауға жеке тұлғалар, қаржы және заң консультанттары, мемлекеттік органдар мен банк өкілдері қатысты", - деді Мемлекеттік кірістер комитеті өкілі.Фото:elements.envato.com

 Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Сондай-ақ, ол халықаралық тәжірибені ескере отырып, 3 түрлі рәсімдерді енгізуді қарастыратыны айтылды.

Бірінші рәсім: соттан тыс банкроттық, оны азаматтар келесі жағдайларда қолдана алады:

  • банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлар алдындағы борыш, борыш сомасы 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы тиіс;
  • ресми табыс жоқ немесе табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспаса (оның ішінде асырауындағы адамдар (отбасы мүшелері) да қоса есептеледі, ол адам басына 36018 теңге болады.

"Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауға тиіс және банкпен борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізу қажет. Соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады", - делінген хабарламада.

Екінші рәсім: сот банкроттығын азаматтар 4,9 миллион теңгеден аса қарыздар бойынша және борыштың қалған түрлері бойынша қолдана алады.

"Осы рәсім барысында борышкердің мүлкі болған жағдайда, ол сауда-саттықта өткізілуге жатады. Түскен қаражат белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар алдындағы борыштарды өтеуге жіберіледі", - деді МКК өкілдері.

Үшінші рәсім, бұл тұрақты табыс болған жағдайда, сотта қарыздарды төлеуге (5 жылға дейін) бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Ол үшін екі тараптың (борышкер мен кредитордың) келісімі қажет.

Сондай-ақ, комитет өкілдері банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты:

  • жобада 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу көзделген;
  • азаматтар банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады;
  • банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген

Сондай-ақ, жобада азаматтардың банкрот деп танылған күннен бастап бір жыл ішінде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан міндетті түрде өтуі көзделген.

tengrinews.kz/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале