Алматыда мектеп оқушылары төбелесіп, екі оқушы пышақ жарақатын алды.
Оқиға Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағынауданында болды. Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Дереккөз:ҚазАқпарат