Таңертең Наурызбай ауданының А. Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенде сөрелер өртке оранды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Өрт сөндірушілер баспалдақпен жоғары қабаттағы 30 тұрғынды эвакуациялады.
Түтінге уланып қалудан сақтайтын құтқару қалпағының көмегімен 4 бала сыртқа шығарылды.
Қалған 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты.