"2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады", - деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Кинофестивальді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.
Биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі. Қатысушылары саналуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ.
2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ. Іс-шара көрермендер мен қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа мүмкіндіктер ашады.
Фестиваль демеушілері: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы, KAZ Minerals тау-кен компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors.
Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.