30.12.2024, 11:30
Оқылды: 294

Алматыда полиция 200-ден астам тұрғынды алдап соққан күдіктіні құрықтады

Алматыда полиция 200-ден астам тұрғынды алдап соққан күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

IMG_6714

Сурет: Polisia.kz

Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп 232 адамды алдап кеткен. Ер адам бейтаныс адамдардың атына көлік несиесін рәсімдеген. Ай сайынғы жарнаны өз күшімен төлеймін деп, көліктерді өзіне алып алған.

Аңғал азаматтарды оның сыйақысы – 1 миллион теңге қызықтырды.

Полиция күдіктіні ұстады. Ол қамауға алынды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстар жасағанын мойындады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале