1.10.2025, 11:30
Оқылды: 144

Алматыда тарихи ЧЛ матчі өтті: «Қайрат» пен «Реал Мадрид» қалаға мереке сыйлады

Бүгін Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» клубтары кездесті. Ойын 0:5 есебімен мадридтік команданың пайдасына аяқталды. Стадион трибунасынан 23 мыңға жуық жанкүйер тамашалады.Бұл матч шетелде де қызығушылық тудырды: Алматыға 5 мыңнан аса шетелдік турист келді. Негізгі ағын Қытай, Ресей, Испания, Жапония, Ұлыбритания, Чехия сияқты елдерден келді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі жазды. 
_gluster_2025_10_1_9d28cf3f51be45ebb12e4aea8e84eb1f_1280x720
Сурет: gov.kz

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан аса полицей жұмылдырылды. Сонымен қатар, Алматы гарнизонынан шамамен 50 әскери қызметкер кезекшілік етті. Ал жедел жәрдем мен білікті дәрігерлер медициналық қызмет көрсетті.

_gluster_2025_10_1_80f4b51ee8692dcec40c06901d4451e8_1280x720

Жанкүйерлердің ыңғайы үшін метрополитен жұмысы түнгі 01:00-ге дейін ұзартылды (әдетте 00:00-ге дейін). Сондай-ақ Орталық стадионнан алты бағыт бойынша 60 тегін автобус қатынап, жанкүйерлерді қалаға жеткізді.

_gluster_2025_10_1_47bc0cfca5b10cb0b59e6214fdf18e34_1280x720

«Қайрат» — «Реал Мадрид» ойыны тек спорттық шара емес, нағыз әлемдік футбол мерекесіне айналды. Алматы ұйымдастыру деңгейін де, қонақжайлығын да тағы бір мәрте көрсетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале