Алматыда 2 балдық жер дүмпуі болды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: pixabay.com
– ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан, - деп атап хабарлады қалалық ТЖД.
Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.