Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова Поддубный күрес лигасының турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: prosports.kz
Турнирге Жәмиля Бақбергенова өз салмағында сөзсіз көшбасшы ретінде қатысты. 72 келіге дейінгі салмақта финалдық белдесуде атақты қазақстандық спортшы екінші орын алған Ксения Бураковадан жеңісті жұлып алды. Соңғы жекпе-жектің нәтижесі 6:5.
Бұған дейін ол Үндістанда (2020) және Моңғолияда (2022) өткен Азия турнирлерінің жеңімпазы атанған. Ол сондай-ақ әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері.