23.01.2024, 9:00
Оқылды: 51

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде жедел желіге 377 қоңырау түскен

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті.

Бұл туралы ТЖМ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_20240123_083545_081

Отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты.

Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс барысында ТЖ министрі "Қазселденқорғау" ММ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, жолдар мен көпірлер қызметі (Қазавтожол), химиялық қызмет, медициналық қызмет, көлік қызметі, байланыс қызметінің баяндамаларын тыңдады.

"Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес, жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түскен.

"Қазселденқорғау" ММ ақпаратына сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекет бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылған.

Бекеттердің жалпы саны - 76.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер етпеген.

Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ. Сырғымалар мен көшкіндердің жүруі туралы ақпарат түскен жоқ. Тексеру жалғасып жатыр.

ҚР Қарулы Күштерінің күштері мен құралдары тұрақты орналасу пункттерінде тұр.

Көлік қызметі Алматы қаласының әуежайы штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады. Қазіргі жағдайда кезекші ауысым күтпеген жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет етті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылған.

Отырыс соңында ТЖ министрі тиісті азаматтық қорғау қызметтеріне бірқатар тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале