23.01.2022, 17:50
Оқылды: 33

Алматыдан 10 шақырым жерде жер сілкінісі болды

"ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан 9,9 шақырым жерде жер сілкінісі болғанын тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

4D7CA61C-986A-44B0-BC82-58D4D4891471

Жер сілкінісі 23 қаңтарда сағат 16.01-де тіркелді.

"Алматыдан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Алматы облысы аумағында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.0. MPV магнитудасы - 3.1. Оның бағыты солтүстік ендік бойынша - 43.11 градус, шығыс бойлық бойынша - 76.90 градус. Тереңдігі - 10 шақырым. МСК-64 шкаласы бойынша мәліметтер жоқ", - деді "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ өкілі.

ТЖ Департаменті ақпаратты жариялағаннан кейін жергілікті атқарушы органдарға,  Полиция департаментіне, Қазселденқорғау департаментіне, прокуратураға және басқа да ұйымдарға хабарланғаны белгілі болды. Аумақтағы жағдай нақтыланып жатыр, бүлінген нысандар, құрбандар туралы хабарлама түспеген.

Алматы облысы ТЖД жер сілкінісі кезінде не істеу керек екені туралы айтты:

  • ғимараттан шығыңыз (15-20 секунд);
  • жоғары қабаттарда тұрсаңыз, есік жаққа немесе балаларды өзіңізге тартып, қабырғалардың бұрышына тұрыңыз;
  • ешқашан терезе маңына тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз;
  • ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алысырақ тұрыңыз;
  • үйге кірмеңіз, дүмпу қайталануы мүмкін;
  • жедел сатыны пайдаланбаңыз;
  • сіріңке, шам жақпаңыз;
  • сымдарға тиіспеңіз;
  • зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале