31.03.2025, 16:15
Оқылды: 210

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жер

Сурет: Massaget.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 31 наурызда Астана уақытымен сағат 12:25-те жер сілкінісі тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым қашықта орналасқан", – деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты мәліметінше, магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 52 шақырым қашықта орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендеріндегі жер сілкінісінің қарқыны:

  • Қарағай-Бұлақ ауылы – 3,5 балл,
  • Бішкек – 2,5 балл.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале