21.03.2022, 11:40
Оқылды: 63

Алматылық блогер полиция қызметкеріне пранк жасап, қамауға алынды

Алматыда полицияның модульді пунктінде пранк жасаған жігіт қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220321-WA0033

Желіде жас жігіт полицияның модульді пунктіне басып кіріп, өз оқырмандарына сәлем жолдаған видеосы тарап кетті.

Құқықбұзушының ұсталғаны туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, пранк жасаған 1991 жылы туған К. есімді азамат ұсталып, Бостандық ауданының полиция басқармасына жеткізілген.

«Құқықбұзушы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша жазаланады. Айту керек, бұл азамат бұрын да жоғарыда аталған бап бойынша жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген»,- деді Рустам Абдрахманов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале