14.03.2022, 15:30
Оқылды: 20

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IMG-20220314-WA0040

Берік Асылов қаңтардағы оқиғалар мен тергеулер барысында ұсталғандар мен қаза тапқандар туралы айтты. Сондай-ақ, ол депутаттарға күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы мәлімдеді.

"5 қаңтарда екі Полиция департаменті басшысы мен Алматыдағы үш департамент, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында департамент басшылары ғимаратты, соның ішінде қаруды қалдырып кеткені анықталды. Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

"Бұрынғы қорғаныс министрі (Мұрат Бектанов - еск.), өздеріңіз білетіндей, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп түйіндеді Берік Асылов.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале