Депутат Гаухар Танашева атаулы әлеуметтік көмекті алып тастау туралы ұсыныс білдірген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазір ондай шешім қабылданған жоқ. Депутаттар ұсыныс берді. Енді оны бірге талқылаймыз. Алайда мұқтаж азаматтарды көмексіз қалдырмауымыз керек», деді Көлгінов.
Айта кетейік, депутат Гаухар Танашева атаулы әлеуметтік көмектің орынына бірыңғай төлем жүйесін енгізуді ұсынған еді.