Өткен жексенбі күні әлеуметтік желілерде Орал қаласында алты жасар қыз бала токқа соғылып, ажал құшқандығы туралы ақпарат тараған болатын.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, оқиға Орал қаласы аумағындағы Деркөл кентінде орын алған. Қайғылы жағдай туралы кезекші бөлімге сағат 16.49-да қоңырау шалынған. 2015 жылы туған қыз бала үйдің жанындағы газ құбырын ұстаған кезде ток соққан, ал жүрегінің ақауы бар бүлдіршін сол жерде көз жұмған көрінеді.
Оқиға орнына келген электрик мамандар бұл жерде ешқандай токтың болмағандығын айтуда. Бүлдіршіннің ажалына сеп болған жайттың жай-жапсары анықталуда.
Өз тілшіміз