ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сурет: qazaqstan.tv
Тиісті шешім Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан комитеттің 45-ші сессиясында қабылданды.
Бұған дейін Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған.