5.07.2022, 10:15
Оқылды: 85

"Алтын Орда" театрында - жаңа премьера

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай қаладағы мәдени-ағарту бiрлестiгi жанындағы “Алтын Орда” балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры өз көрермендерін тағы бір премьерамен қуантты.

8A747D49-11B7-4D65-AD40-5BD5E79C2715

Бұл жолы өнерлі балалар қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» ертегісін сахналады. «Қожа мен спорт» ертегісі - театр ашылғаннан бері алтыншы премьера. Бұл ертегі балаларға атқа міну өнері мен салт-дәстүрді дәріптеу арқылы жалқау болмауға, спортпен шұғылдану арқылы денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жаттығулар арқылы жетілдіріп, үлкен жетістіктерге жетуге
тәрбиелейді.

97A2437E-01FA-4D6F-87B0-4DB61128AD13

Театр биыл Батыс аймақтық «Театрдың ғажайып әлемі» балалар театр фестивалінің «Х.Бөкеева атындағы арнайы жүлде» иегері және «Үздік қыз бала бейнесі» номинациясын Елнара Сейтжан жеңіп алып, қос жүлдеге иелік еткен болатын.
Одан бөлек Сырым ауданы Алғабас, Бұлан ауылдарына А.Атымтаеваның "Кім патша?" ертегісімен гастрольдік сапарға барып, ауылдағы бүлдіршіндерді ертегілер еліне саяхат жасатып, қуантып қайтты.

Қойылымның қоюшы режиссері - ҚР мәдениет саласының үздігі, «Дара» төсбелгісінің иегері Самал Әбуов, қоюшы суретшісі  - ҚР театр қайраткерлері одағының мүшесі Әсемгүл Төлепберген.

Рөлдерді жас өнерпаздар Алижан Төлегенов, Мархабат Кулахметова, Сардар Ерен, Елнара Сейтжан, Қарақат Талғатова, Алдияр Мақсұт, Бекзат Қыдырғали, Нұрай Нұрланұлы, Саят Ғабдысиық, Нұрай Мұхамбетқали сәтті сомдады.

Театр келер маусымда өз көрерменіне басқа да қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале