19.05.2020, 14:42
Оқылды: 71

«Алтын сапа» - 2020» байқауына өтініш қабылдау жалғасуда

«Алтын сапа» - 2020» байқауына өтініш қабылдау жалғасуда. Биылғы байқау барысында  аймақтық көрмелер мен «Қазақстанның  үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі өтпейді.

B35D350D-45E4-4734-9EE9-A09162EB2F96

Оған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 2020 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» №20 қаулысы басшылыққа алынып отыр. Аталмыш конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жыл сайын өтіп келеді. Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша қалпына келтіру және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды. Байқауға қатысып, бағын сынап көргісі келген кәсіпкер 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін www.altynsapa.kz. сайтына конкурсқа қатысушылардың материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелеріне сәйкес өтінім мен материалдарын (есептерді) электронды нұсқада тапсыруы тиіс.

Биыл көшпелі-оқыту семинарлары ұйымдастырылмайды. Кәсіпкерлерді оқыту мақсатында видеосабақтар дайындалып, олар www.altynsapa.kz. сайтына жарияланады.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале