Сауль "Канело" Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз "күрделі схема" деп атаған "Канелоның" жоспары мынадай:
"Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын", - делінген хабарламада.