3.02.2017, 15:09
Оқылды: 62

«Аманат» қоғамдық сыйақысын өткізу игі дәстүрге айналады

 Amanat«Аманат» қоғамдық сыйақысы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Адамдардың елеулі жетістіктері»  қоғамдық қорының президенті Зауре Беисова хабарлады.


 

«Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен басталуда. Аталмыш жобаны ресми басталған күннен бастап аяқталғанша жүргіземіз. «Аманат» сыйақысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарға тағайындалады деген үміттемін», - деп атап өтті  Салтанат Рахимбекова.

Спикердің мәліметінше, сыйақыны алуға үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсынады. Сыйақы «Бабалар аманаты», «Шынар», «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер» номинациялары бойынша беріледі.

Салтанат Рахимбекованың айтуынша, «Аманат» бағдарламасы халық пен мемлекет өзара ұйымдаса жұмыс жасауды бағыттайтын  бірден-бір құралы болуы қажет.

«Жалпы айтқанда, бағдарлама аясында жасыл экономика Коалициясы мен G-global  жобасын, тұрақты даму қағидаларын ілгерілету бойынша оқыту платформасын әзірлеу жоспарлануда». Жеті номинациясы бойынша үміткерлерді  іріктеу байқауы  барлық  облыстарда өткізіледі», – деді Салтанат Рахимбекова.

Салтанат Рахимбекованың айтуынша, G-Global «Аманат»  сыйақысын халықаралық деңгейге шығарады.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер сыйақыны ұйымдастыру комитетіне  беріледі. Қатысушылар үшін қосымша ақпараттар  G-Global Халықаралық хатшылығының ресми сайтында www.group-global.org орналасқан.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале