24.10.2025, 16:30
Оқылды: 262

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы партия белсенділерін марапаттады

Бүгін Салтант сарайында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

WhatsApp Image 2025-10-24 at 16.22.02 (1)

Жиынға қоғам белсенділері мен партия мүшелері қатысты. Салтанатты жиын барысында партия өміріне белсене араласып жүрген партия мүшелері төс белгілермен және мақтау қағаздарымен мараптталды. Бұдан бөлек партия қатарына бір қатар жаңа адамдар қабылданып, партия билетін алды.
«AMANAT» партиясы еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларын дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.Партия бастаған жобалар ел арасында кең қолда утауып, көп адамны ңкәсіп бастауына, өмір жолын нығайтуына ықпал етті.
Ол туралы бүгінгі салтанатты жиында сөз алған «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұқаев Мұрат Рахметұлы атап өтті.

WhatsApp Image 2025-10-24 at 16.22.03
-Біздің тәуелсіздік туралы декларациямыздың қабылданғанына 35 жыл толды. Біз осы тәуелсіздіктің, елдігіміздің арқасында дамыған елдермен теңесіп келеміз. Біздің партияның барлық жобасы елдің көңілінен шығып, зор қолдауға ие болып отыр. Ол жобалардың басы-қасында осы біздің партиялас бауырларымыз жүр. Бүгінгі мерерке аясында бәріңізге рахмет айтқым келеді. Партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары бүгінде қазақстандықтардың біраз мәселесін шешіп отыр. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында біз тұрғындардың қаржылық сауаттылығын ашу жолында жұмыстанып келеміз. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1500 адам арзан несие алып, өз кәсібін бастады. «Жер аманаты» жобасы аясында игерілмей жатқан мыңдаған гектар жерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұдан бөлек өңірлік ірі жобаларымыз бар. Олардың өзі тиімділігін көрсетіп, мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып отыр. Бүгінгі күн өте маңызды күн. Республика күні бұл біздің төл мерекеміз. Осы елдің дамуы жолында ат салысып жүрген баршаңызды мерекемен құттықтаймын,- деді өз сөзінде «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев.
Мереке қарсанында «AMANAT» партиясы қатарына қосылуға өтініш білдірген бірқатар партия мүшелеріне партиялық билет табыстау рәсімі де өтті. Пратия билеттерін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев табыстады.

WhatsApp Image 2025-10-24 at 16.22.02
Партия қатарына өткендер ішінде кәсіпкерлер, мемеклеттік қызметшілер, жастар және оқытушылар болды.
Салтанатты жиында бұдан бөлек облыстың дамуына ат салысып жүрген бір топ белсенді азаматтар маратаппталды. Олар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, «AMANAT» партиясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар иеленді.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале