28.03.2024, 15:00
Оқылды: 53

«AMANAT» партиясы елмен бірге: Қаратөбе ауданына гуманитарлық көмек жіберілді

Биылғы көктемгі су тасқыны біраз елді мекенге қауіп төндіріп отыр. Соның ішінде Қаратөбе, Теректі аудандарында және Оралда төтенше жағдай жарияланды. Жалпы облыс бойынша тасқын су салдарынан 5 көпқабатты, 400-ден астам тұрғын үй және 17 әлеуметтік маңызы бар нысанды су басты.

93f6d18d-07b5-4adb-a701-3480fd1cc53c

Атап айтсақ, Орал қаласы, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе аудандары. Елді мекендердегі тұрғындар эвакуациялық пункттерге көшіріліп, үй жануарлары қауіпсіз аумақтарға айдалды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар тіркелмеген. Бұдан басқа, 19 автожолдың (1 республикалық, 3 облыстық, 15 аудандық), 28 учаскені су шайып өткен.

Табиғи апат айтып келмейді. Жан-жақтан келген еріген қар суы лық толып, еш мүмкіндік бермеді. Абырой болғанда адамдар дін аман.

cf8fd247-9e28-439c-be0b-009ff03dab9e

«АMANAT» партиясының бастауыш ұйым төрағалары мен мүшелері, партияның белсенді азаматтары оқиға орнында халықпен бірге болып көмек көрсетіп жатыр.

Жастар рухы белсенділері тәулік бойы кезекшілікте жүрген төтенше жағдай департаменті қызметкерлеріне ауызашар уақытында ыстық тамақ беріп, қолдау білдірді.

Ағын су салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында партияластардан гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Сонымен қатар облыстық, қалалық мәслихат депутаттары облыстық партия жанынан ашылған есепшотқа материалдық көмек ретінде қаражат аударып, барлық деңгейдегі партия филиалының қызметкерлері біркүндік жалақыларын аударып көмек көрсетуде. Гуманитарлдық көмектің бірінші партиясы бүгін Қаратөбе ауданы орталығына жеткізіледі. Жиналған көмек барлық төтенше жағдай режимі жарияланған аудандарға жеткізіледі.

dbeca72a-9c4a-4277-9571-480045d3c5f9

Сонымен қатар төтенше жағдай режимі жарияланған бірқатар ауданрдағы елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, олардың арыз-тілектерін тыңдап, су басқан үйлердің жағдайымен танысу үшін облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Жастар рухы белсенділері және облыстық партия филиалы қызметкерлері барды.

64683bd2-944c-4fd2-8ade-95a1025a4686

Партия басшылығының шешіміне сәйкес, AMANAT партиясының бірқатар облыстық филиалы тарапынан Батыс Қазақстан облысы халқына материалдық және жөндеуге қажетті көмек көрсетіліп, материалдар беріледі.

«AMANAT» партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале