17.10.2024, 10:30
Оқылды: 19

«AMANAT» партиясы жас ақындар мен жазушылар арасында байқау жариялады

«AMANAT» партиясы жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқау өткізеді.

Literature concept. Still life with quill pen near old books

Сурет: istockphoto.com

​«Байқаудың мақсаты қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсете отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру.

Байқау «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша өткізіледі. Шығармалар 2024 жылғы 20 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Байқауға келіп түскен жұмыстарды комиссия 21-27 қазан аралығында қарайды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 31 қазанға дейін өткізіледі.

Байқауға 18ен 45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы. Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады. Қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.

Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды. Сондай-ақ бұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.

Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына – 30, «Поэзия» номинациясына – 10, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына – 20 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады.

Байқауға жіберілетін материалдар бүркеншік атпен партияның [email protected] электрондық мекенжайына жолданады. Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzyГүлнәр Сейітқазы деп сақталуы керек», - деп хабарлады «AMANAT» партиясы.

Республикалық байқаудың жүлде қоры 1 орынға – 1 000 000 теңге, 2 орынға –  750 000 теңге, 3 орынға – 500 000 теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале