7.10.2024, 17:00
Оқылды: 7

Амир Омарханов Қытайда теннистен жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңіске жетті

Бейжіңде (Қытай) теннистен жасөспірімдер арасындағы беделді ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі аяқталды.

IMG_7858

Сурет: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші, жасөспірімдер рейтингі бойынша әлемнің 15-ші ракеткасы Амир Омарханов финалда британиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors)  жеңді. Тай-брейктегі алғашқы сетте Оливер Бондинг басым түссе, келесі екі ойында Амир жақсы нәтиже көрсетті - 6:0, 6:4.

Бұл қазақстандық спортшының ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сындағы алтыншы жеңісі. Бұған дейін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Таиланд (J300), Корея (J300), Египет (J100), Грузия (J60) және Қарағандыда (J60) өткен додаларда жеңіс тұғырынан көрінген.

Дереккөз: ҚТФ / Olympic.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале