22.05.2025, 16:30
Оқылды: 188

Ана мен қызы қауышты

Дариян арнаулы қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Вера Разварованың қуанышы еселей түсті. 2010 жылы қызы Ольга Разварова кәмелет жасқа толмағандықтан, Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, ал Вера Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тағдырдың жазуымен түскен еді.

WhatsApp Image 2025-05-22 at 17.28.07

«Қызым 18-ге толған соң екеуміз бір орталықта боламыз» деген Вераның үміті үзілмей, жылдар жылжып өте береді. Алайда өрімдей қыз 18-ге жеттім дегенде оған Круглоозерныйдағы орталықтан орын табылмай, Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберіледі. Тағдырдың қатал ағыны оларды екіге ажыратса да, жүректерін ештеңе бөле алмады. Анасы мен қызы әрдайым кездесіп, хат алмасып, сағынышын басқандай болады. Әрине, құрсағында жетілген сәбиі жат жерде, жырақ мекенде өсіп жатса, ана үшін бұл – ауыр соққы. Бұл сезімді тек ана жүрегі ғана ұғына алатыны мәлім. Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Талшынай Орынбекқызы мен әлеуметтік сала мамандары және медицина бөлімінің жұмысы нәтижесінде ана мен бала табысты. Бүгінде олар Дариян арнаулы қызмет көрсету орталығында қызмет алуда.

Б. Құспанова,

Круглоозерный  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

орталығының маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале