5.03.2022, 16:30
Оқылды: 15

«Ана тәрбиесі – ұрпаққа аманат»

Жуырда Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Ана тәрбиесі – ұрпаққа аманат» атты облыстық мерекелік іс-шара өтті.

9C445CA4-0BD6-4E42-9AA3-803384CED1ED

Аналардың қоғамдағы рөлін насихаттау, отбасы, бала тәрбиесіне қатысты тәжірибелерімен алмасуды мақсат еткен іс-шараны облыстық білім басқармасы ұйымдастырды. Мерекелік кешке арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов  ұстаз-аналарды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

– Ардақты әжелер, асыл аналар, сүйкімді келіншектер, аяулы арулар мерекелеріңізбен! Әрдайым отбасыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болып, аман жүріңіздер, - деп сөзін сабақтаған Бақытжан Хаберұлы өз балаларына қоса, бірнеше баланы бауырына басқан және көп балалы ұстаз-аналарды «Мейірбан ана» аталымымен марапаттады.  Олардың қатарында өзінің бес баласымен бірге тағы екі баланы қамқорлығына алған  бәйтеректік Людмила Петрушкевич, жеті баланы бауырына басқан облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Луара Батырғалиева және тағы басқалары бар.

14E4DADD-93AB-4666-98A6-F113D70DD4F5

Әнмен, бимен өрілген  мерекелік кеште жетістікке жетіп, талай биікті бағындырған бірнеше ұстаз «Ұстаз ана» және немере тәрбиелеп отырған әжелер «Асыл әже» атанса, енді бірі «Әскери ана», «Ақ халатты абзалжандар», «Іскер ана» аталымдарымен марапатталды.

Сахна төріне көтерілген марапат иелеріне облыс әкімінің атынан алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл күні әр салада еңбек ете жүріп, ұл-қыз тәрбиелеп, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына ұйытқы болып жүрген аналарға құрмет көрсетілді.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале