7.03.2017, 12:26
Оқылды: 33

"Аналар қашан да құдіретті"

Халықаралық əйелдер күні мерекесіне орай Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Аналар үйін паналаған нəзік жандыларды құттықтады.


- Ана мейірімі мен баланың шат күлкісі  әлемдегі ең басты құндылықтар болып есептеледі. Мейірлі көктем мерекесін ашық-жарқын қарсы алып, жайраңдап жүріңіздер. Расул Ғамзатов айтқандай, әйелдерге ешкім әмір ете алмайды. Аналар қашан да құдіретті, әрдайым олардың көңілі көркем, мейірі асқақ болуы керек. Ол үшін қашан да қоғам болып қолдау білдіреміз, - деген Марат Тоқжанов кездесуде қолына сәбилерін ұстаған келіншектерге гүл мен сый-сияпат тарту етті.

"Аналар үйі" қоғамдық қорының үйлестірушісінің уақытша міндетін атқарушы Зәмзәгүл Шканованың айтуынша, қордың ашылғанына 20 наурыз күні үш жыл болмақ. Қоғамдық жоба аясында бүгінге дейін 96 жалғызбасты ана осында пана тауыпты. Бүгінгі күні 14 әйел баласымен бірге тұрып жатыр. Оларға әлеуметтік қолдау беру мақсатында жұмыспен қамту және білім беру органдарымен меморандумдар жасалған. Сол арқылы тағдыр талқысына түскен аналарға кәсіптік білім беру, балаларын балабақшаға орналастыру және жұмыссыздық мәселелері шешімін табуда. Жергілікті кәсіпкерлер қоғамдық қорға қаржылай қолдау білдіріп отырады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале