UBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) 30 сәуірде WBC International белбеуін сарапқа салу үшін Ыстамбұлға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: Prosports.kz
Бұл туралы спортшы инстаграмдағы парақшасында жазып, жанкүйерлерге үндеу жасады.
Ангелина Лукастың титулдық жекпе-жекте қарсыласы кәсіпқой мансабында әртүрлі салмақ дәрежесінде IBF, WBO, IBO және WBF тұжырымдары бойынша әлем титулдарына үміткер 43 жастағы мексикалық Ана Аррасола болады.