Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ktf.kz
Жарыстың І ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалда аустриялықтар Мелани Клаффнер – Синья Крауспен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңіске жетті.
Данилина мен Панованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Жекелей сында тағы бір қазақстандық, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалға шыға алмады. Ол дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған германиялық Юле Нимайерден жеңіліс тапты – 7:5, 3:6, 1:6.