16.09.2024, 15:30
Оқылды: 74

Анна Данилина Мексикадағы турнирде топ жарды

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Анна Данилина жұптық сында WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.

77D80F61-AD8A-4823-BFDA-89E719DBAB05

Сурет:  Olympic.kz

Ол ресейлік Ирина  Хромачевамен жұптасып, Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен беделді жарыста топ жарды.

Финалда олар Оксана Калашникова (Грузия) және Камилла Рахимова (Ресей) жұбынан басым түсті.

Есеп - 2:6, 7:5, 10:7.

Бұл Анна Данилинаның WTA  турнирлеріндегі оныншы жүлдесі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале