5.01.2024, 17:00
Оқылды: 44

Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы жарысында финалға шықты

"Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің финалына шықты", - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
anna_danilina_zhana__1704450588
Фото: ktf.kz
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен бірге жартылай финалда франциялық Джессика Понше – чехиялық Анна Шишковаға қарсы келді.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Екінші сетте франциялық-чехиялық дуэт қарымта қайырды – 6:4. Есесіне супер тай-брейкте Данилина – Грунчакова мықтылықтарын мойындатты – 10:7.

Анна Данилина – Виктория Грунчакованың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале