«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 6,5 әйелге көмек көрсетілді. Нәтижесінде 2650 отбасында 3110 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асып жатыр. Бағдарлама басталғалы 7 мың әйел ЭКО жүйемен қамтылды, ал нақты биыл 6,5 мың әйел. «Аңсаған сәби» арқылы кезегін күтушілер бар. Жобаны іске асыру барысында биыл 2650 отбасында 3110 сәби дүние есігін ашты», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник ОКҚ-де өткен брифингіде.
Сондай-ақ вице-министр ел аумағында халықаралық стандартқа сәйкес келетін 11 перинаталды орталық салынатынын тілге тиек етті.
«Ел болашағы өскелең ұрпақтың саулығымен байланысты. Балалар жылы аясында біздің министрлік бірқатар жобаны қолға алып, іске асырды. Жас ұрпақтың саулығын қамту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады», - дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл елімізде 402 мың сәби дүниеге келді.