Мемлекет басшысы 2021 жылы бастамашылық еткен «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 8 мың әйел жүкті болып, 5000-нан астам сәби дүниеге келген.
Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазір және болашақ» тақырыбында өткен Қазақстан репродуктивтік медицина қауымдастығының (ҚРМҚ) XV халықаралық конгресінде хабарлады.
Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен ЭКҰ-ға квота саны 7 есеге көбейген. 20 мыңнан астам әйелді ЭКҰ рәсімдерімен қамтылған.
zhaikpress.kz