Астана қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған соты Қайрат Нұртастың бұзақылық ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет әншінің жеке парақшасынан алынды
4 шілде күні әнші Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұрынғы танысымен сөзге келіп, жұдырықтасқан.
Әкімшілік жаза екі бап бойынша қозғалды. Екі тараптың өзара татуласуына байланысты әншіні 15 тәулікке қамау туралы үкім шықты.