7.12.2023, 22:20
Оқылды: 46

«Анықтаймыз»: вице-министр медицина қызметкері жоқ мектептерді жазалау жайлы

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, штаттық кестеге сәйкес, әр мектепте медицина қызметкері болуы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

657158ce48814901745478

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспаннан сенат кулуарында журналистер мектептерде неге медициналық қызметкерлер жоқтығын, ал мұғалімдер қажет жағдай туындаса да "жедел жәрдем" шақырмайтынын сұраған.

Жақында мәселен, Қарағандыда басы жарылған қыз баланы мектептен үйге жаяу қоя берген.

– Өкінішке қарай, мұндай фактілер бар. Ең бастысы, шаралар қабылданып жатыр. Бұл факт бойынша, қателеспесем, қазір әкімшілік іс қозғалған. Мектеп қызметкерлеріне және басқа да қатысы бар адамдарға байланысты шара қабылданып жатыр.

Әрине, елімізде әр факт бойынша балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган шаралар қабылдайтынын хабарлағым келеді. Жүйелі шаралар қабылданып, барлық құзыретті органға алдын алу шараларының қажеттілігі туралы хат жолданады.

Мектептерде медицина қызметкерлері қарастырылған. Егер мектепте болмаса, заңда көзделген шараларды анықтап, қабылдаймыз. Мүмкін айыппұл салынады. Егер немқұрайлылық болса, әкімшілік құқық бұзушылық бар. Әр фактіні жеке қарау керек, - деді ол.

Таяуда Қарағандыда 7-ші сынып оқушысы темір есікке басын соғып алғаны белгілі болған. Оның алдында Астанадағы мектептің бірінде бала баспалдаққа басымен құлап, ауыр жарақат алған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале