31.12.2024, 12:45
Оқылды: 111

Апатты үйден жаңа баспанаға: Оралда «Реновация» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр

Қалада «Реновация» бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және тұрғындарды жаңа үйлерге көшіру қарастырылған. Оралда кейінгі алты-жеті жылда 34 апатты үй бұзылып, оның орнына 16 жаңа үй салынды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

жп жаңа үй (2)

Биыл Молдағұлова көшесі, 15 және Молдавская көшесі, 2/1 мекенжайлары бойынша жаңа үйлер қолданысқа беріліп, оған баспанасы апатты деп танылған отбасылар қоныстанды.

«Реновация» бағдарламасы тұрғын үйді және үй орналасқан жер учаскесін реквизициялау тәртібімен апатты (ескірген) тұрғын үйді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қаланың «ескі» кварталдарын кешенді реконструкциялауды көздейді. Жобаның шарттары бойынша авариялық үйлердің тұрғындарына құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес бөлмелер санына және тұратын адамдар санына қарамастан, ауданы бойынша бірдей мөлшерде жаңа пәтерлер беріледі.

Қазір қалада аталған бағдарлама шеңберінде 3 үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек тағы 3 үйдің құжаттары дайындалып жатыр.

Ескі тұрғын үй мәселесін шешуде кәсіпкерлердің әлеуетін жұмылдыру және жеке құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігі ынталандырылады. Осылайша, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй мәселелері бірлескен күш-жігермен шешіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале