Апелляциялық сатыдағы сотқа азаматша Е., жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану, жұмысқа орналастыру, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы туралы талап арызбен жүгінді.

Талап қоюшы бірінші сатыдағы соттың шешімін негізсіз деп санап, апелляциялық шағым түсірген.
Бұған дейін азаматша Е.-мен М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті арасында еңбек шарты жасалып, оған сәйкес талап қоюшы информатика кафедрасына оқытушы болып жұмысқа қабылданған.
Алайда, бірнеше жылдан кейін талап қоюшы еңбек шарты Еңбек кодексінің 58-бабы 1-тармағының 2-тармақшасы негізінде бұзылған.
Сот жұмыстан босату педагогикалық жүктеменің жалпы сағат санының қысқаруына байланысты орын алғанын анықтады.
Талап қоюшыға жұмыс берушімен еңбек жағдайларын өзгерту туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлама жіберілді: оған біліктілігі шегінде 1,0 штаттық бірлік бойынша ақпараттық технологиялар орталығының инженер-бағдарламашысы қызметін жалғастыру және 0,25 штаттық бірлік көлемінде пән оқытушысы лауазымын сақтай отырып жұмыс істеу ұсынылды. Алайда талап қоюшы бұл ұсыныстан бас тартты.
Талап қоюшы оны штаттық лауазымға информатика пәні мұғалімдерін және IT мамандарын даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасының оқытушысы лауазымына қалпына келтіру туралы талаппен жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот талапты ішінара қанағаттандырып, талап қоюшыны 0,25 штаттық бірлік бойынша оқытушы лауазымына қайта орналастырды.
Шешіммен келіспеген талап қоюшы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.
Апелляциялық сот талап қоюшының уәждерін негізді деп танып, оны бұрын атқарған лауазымына толық штаттық бірлікпен қайта орналастыру туралы қаулы қабылдады. Себебі жауапкер сотқа талап қоюшының жұмыс көлемінің азайғанын растайтын дәлелдемелерді ұсынбаған.
Сот шешімі заңды күшіне енді.