Облыс әкімі Ғали Есқалиев 98 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленконы туған күнімен құттықтады.
Өңір басшысы ардагер, Орал қаласының құрметті азаматы Вениамин Пантелеевичтің үйіне барып, ақжарма тілегін білдірді. Қарияға зор денсаулық, айналасына амандық тіледі. Қария болса, сұрапыл соғысқа қатысқан майдангерлердің жауынгерлік жолы мен бейбіт күндегі еселі еңбегі жөнінде әңгімеледі. Облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, елдің тыныштығын тіледі. Майдангер-десантшы, танкке қарсы қорғаныс жауынгері болған Вениамин Скаленко 98-ші Свир десанттық дивизиясының құрамында шайқасқан. Майданда радиотелеграфшы болған ол сигналдарды Морзе әрпімен (110 таңбаға дейін) жоғары жылдамдықпен қабылдап, кері жолдап отырған. От пен оққа қарамастан, командир мен бөлімшелердің арасындағы байланысты үзбеген. Ол осылайша Ұлы жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан.
БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметі