16.07.2021, 8:44
Оқылды: 30

«Ардагер» клубының орны тар

Облыс орталығындағы «Ардагер» клубы өнерпаз аға-апаларымыздың басын қосып, тағылымды әңгімелер айтып, ән  шырқап, домбыра шертетін мәдени орын саналады. Клубта  бекітілген жоспарға сәйкес  жұмыс жүргізіледі. Құрылғанына он жылдан астам  уақыт болған клубта «Аруаналар», «Әже сәлемі», «Ағалар әуені»  сияқты 3 халықтық  ұжым, «Нарын сазы», «Асыл әже» атты вокалды топтар бар.

F5FACC27-7C63-4E41-BEFC-06E03BD0EA9B

Аталған  клубтың «Ағалар әуені» халықтық вокалдық тобы 2009 жылы құрылды. Ұжым құрамында 63-тен 75 жас аралығындағы 17 өнерпаз бар. Көркемдік жетекшісі әрі сүйемелдеуші А. Бурумбаев вокалды топты екі дауыста және жеке дауыста ән шырқауға баулып, бар мүмкіндігін сарқа жұмсауда.  Бұл ұжымның репертуарында 50-ге жуық түрлі бағыттағы ән бар. Вокалды топ қазақ және орыс халық әндерін кеңінен насихаттап келеді. Кейбір әндерді жеке орындаушылармен партитура бойынша дайындайды. Көркемдік жетекші әрбір қатысушының талантын ашуға тырысады. Репертуарға жаңа әндер қосылуда, – дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 16 шілдедегі  №57 санынан оқи аласыздар.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале