Қайырымдылық айлығына орай БҚО «Жоғары аграрлық-техникалық колледжінде» жерге орналастыру мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер сенбілікке қатысып, ауған соғысының ардагері Камбарким Башаровқа құрмет көрсетті.
Осы іс-шараны аталған топтың жетекшісі, аграрлық пәндер бөлімінің оқытушысы Әйгерім Мұхамедиярова ұйымдастырды. Студенттер ардагердің үйінің ауласын тазалап, отын-суын алып келуге қолғабыс етті. Камбарким Башаров 1979-1981 жылдары ауған жеріндегі әскери ұрыс қимылдарына қатысқан. Ардагер басынан кешкен оқиғаларды баяндап, студенттерге ризашылық білдіріп, сенбілік кезінде қолұшын созғанына алғыс айтты. Қайырымдылық жасау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, сауапты істі атқару – дәстүр сабақтастығы әрі ізгі амал көрінісі. Колледж студенттерінің қатысуымен осындай іс-шаралар тұрақты өткізілмек.
Өз тілшіміз