31.03.2022, 9:00
Оқылды: 26

Ардагерге құрмет көрсетті

Облыс әкімі Ғали Есқалиев 75 жасқа толуына орай өңірдің медицина саласына еңбек сіңірген әрі өзінің белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымымен Жайық жұртына белгілі азамат Мақсот Қабышұлы Бергенді қабылдады.

Ақсақалға құрмет

- Өзіңізді замандастарыңыз өмір мектебінде шыңдалып, еңбегімен құрметке бөлен­ген қоғам қайраткері, іскер азамат ретінде жақсы біледі. Сіз күш-қуатыңыз бен біліміңізді, мол тәжірибеңізді еліміздің және облыс медицинасының дамуына арнап, мыңдаған медицина кадрларын даярладыңыз. Бүгінде сіздің түлектеріңіз республика және облыстың емдеу мекемелерінде нәтижелі еңбек етуде.

Зейнеткерлік демалысқа шыққан соң да мемлекетіміздің жан-жақты өркендеуіне, ел ішінде ынтымақ пен татулықтың сақталып, халықтың береке-бірлігінің арта беруіне атсалысып келесіз. Өнегелі өміріңіз кейінгі жастарға үлгі болмақ.

Осынау мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін! – деді облыс әкімі.

Кездесу барысында Мақсот Қабышұлы өзінің өмірлік тәжірибесі мен қоғамдағы түйткілді мәселер туралы әңгімелеп, мерейтойға орай құрмет көрсеткен облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале