5.06.2025, 15:30
Оқылды: 218

«Әрқашан күн сөнбесін»

Осындай атаумен Оралдағы «Nur-Er» ат спорты турис­тік орталығында Халықаралық  балаларды  қорғау  күніне  орай  іс-шара өтті.

мади салык

Аталмыш мерекеге «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев қатысып, бүлдіршіндерді құттықтады. Бұл іс-шараға мүмкіндігі шектеулі 75-ке жуық бала мен олардың ата-аналары арнайы шақыртылды. Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылған мерекелік  жиында концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Балалар садақ атып, асық ойнап, бозкілемде қазақша күрестің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, орталықтағы аттарға мінді.

мади салык4 (1)

– Бұл іс-шара «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының «Балаға уақыт арна» жобасы аясында өтті. Бастамаға қолдау көрсеткен барша ел азаматтарына алғыс білдіремін. Халықаралық балаларды қорғау күнін «Nur-Er» ат спорты кешенінде ұйымдастыруымыздың өзіндік себебі бар. Атқа міну ерекше топтағы балаларға өте пайдалы. Осы жерге  келген балалардың басым көпшілігі иппотерапия емін қабылдайды. Ерекше балалардың денсаулығы оңалып кетуіне «теңізге құйған тамшыдай» үлес қоса алсақ, біз үшін зор қуаныш, - деді Азамат Сафималиев.

мади салык8

«Балаларға арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті», – дейді қала тұрғыны Шолпан Қоспанова. Ерекше баланың анасы табиғат аясында өзі де тынығып қалғанын айтады.

мади салык5

–  Баламның есімі – Бейбарыс, қазір жасы жетіде. Дертіне байланысты ол сөйлей алмайды. Қозғалыс дамуын қалыптастыру мақсатында арнайы орталықтарға барып тұрамыз. Бүгінгі өтіп жатқан концерттік бағдарлама қатты ұнады. Осы үшін ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, – деді Шолпан Қоспанова.

мади салык2

Іс-шара соңында ұлттық ойын түрлерінен өткен доданың  жеңімпаздары мен белсенді қатысушы-ларға сыйлықтар табысталды. Бұл сыйлықтарға облыстық және қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелері демеушілік еткен.

Нұр-Бақыт Тұрсынбаев,

Орал қаласы

мади салык7 мади салык3 (1) мади салык6

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале