12.01.2021, 15:27
Оқылды: 47

Әркімнің өз азаматтық шешімі бар – БҒМ мұғалімдердің сайлау науқанына атсалысуы жайлы

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова сайлауға күштеп тартылған мұғалімдер болса, олар министрліктің өңірлердегі департаменттеріне жүгіне алатынын мәлім етті.

Мұғалім

«Мұғалімдер мәртебесі туралы заң қабылданды. Иә, ол заң аясында мұғалімдерді тиісті емес жұмыстарға тарту қарастырылмайды. Бұл бойынша фактілер болса, біздің министрліктің жергілікті жерде орналасқан департаменттерімізге жүгінуге болады. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттер бұл мәселені түбегейлі қарастырып отырады. Егер мұғалімдер тарапынан мұндай сұрақтар келіп түссе, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданады», - деді Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр сайлау жұмыстарына атсалысу – әркімнің өзінің азаматтық шешімі екенін мәлім етті.

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале