Бигалиевтер сайлау күні бүкіл отбасымен дауыс беруге келді. Отағасы Арман сайлауға әркез отбасымен, жұбайы Баян, қыздары Румия мен Альмира, тіпті кішкентай ұлым Абылхайырхан да бәрі бірге баратыны туралы айтты.
- Біз әрқашан біргеміз және үміткерлерді де бірге таңдадық. 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін Мәжіліс депутаттарының 70% - ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30%-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Бұл дұрыс деп санаймын, біз республиканың Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарына депутаттыққа үміткерлерді өзіміз таңдауымыз керек. Бұл адамдар біздің мәселелерімізді шешеді, бізді қолдайды. Біз бүгін сайлауға өз таңдауымызды, елімізді бейнелейтін ұлттық киіммен келдік, - деді Арман Бигалиев.
Фото: Эльвира Меңдіғали